Бокстан 26-31 қаңтар аралығында Қостанай қаласында 2011-2012 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты болды.
5 күнге созылған дода жоғары деңгейде өтті.
Мектебіміздің спортшылары жүлделі орындарға ие болып, сайысты жақсы деңгейде аяқтады.
Қазақстан Республикасы Чемпионатының нәтижелері:
🥈 Курмашов Медет - 67 кг салмақ дәрежесінде 2 - орын;
🥉 Бағаналы Бердәлі - 35 кг салмақ дәрежесінде 3 - орын.
Спортшыларымыздың алдағы уақытта да биік белестерден көріне беруіне тілекшіміз!
https://www.instagram.com/p/DFfaQO7t24F/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA
№3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі

