12-19 ақпан аралығында әйелдер боксынан Алматы қаласында Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген шебері, Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Олимпиада ойындарының чемпионы (Сидней-2000 ж) Ермахан Сағиұлы Ибраимовтың жүлдесіне арналған халықаралық турнир болып өтті.

Мектебіміздің спортшылары жарыс қарсаңында үлкен жетістіктер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Халықаралық турнир нәтижелері:
1) Бекмурат Гүлбану - 50 кг салмақта 1-орын 🥇
2) Есимбекова Акбота - 65 кг салмақта 2-орын 🥈
3) Байзакова Камиля - 80+ кг салмақта 2-орын 🥈
4) Саматова Дария - 80 кг салмақта 3-орын 🥉

Спортшыларымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз әлі алда!

https://www.instagram.com/p/DGPd11ktGVn/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA

№3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі