5 ақпан күні мектебімізде дінтанушы, теолог маман Арман Нұрахметұлымен дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Дәріс барысында исламның тарихи тамырлары, дәстүрлі құндылықтар мен экстремизм, терроризм, есірткі туралы терең талқылаулар жүргізілді.

Теологтың айтуынша, дәстүрлі ислам - бұл қоғамды жақсартуға, адамгершілік пен рухани дамуға бағытталған жол. Қатысушылар исламның негізгі қағидаттары, адамгершілік құндылықтары мен қоғамдағы жауапкершілігі туралы түсінік алып, өздеріне көп пайдалы мәліметтер ала алды.

Ақпараттық-түсіндірулерден кейін жиынымыз мектебіміздің дзюдо бөлімінің бапкерлерімен қаңтар айында Орал қаласында болған дзюдодан Қазақстан Республикасы Чемпионатына талдау жүргізумен жалғасын тапты.

Қорытынды жиналыс барысында дзюдодан өткен Қазақстан Республикасы Чемпионатына талдау жасалды.
Мектебіміздегі оқушы-спортшылардың нәтижелерін жақсарту, алдағы жарыстарға дайындықтарын шыңдай түсуге және жаңа жетістіктерге жету бойынша нақты қадамдар белгіленді.

https://www.instagram.com/reel/DFt1X-Hi80T/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA

№3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі