2025 жылғы 23 ақпанда Астана қаласындағы «Триатлон саябағы» аумағында жыл сайынғы «Бұрқасын-2025» қысқы фестивалі өтеді. Бұл шара қысқы спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және белсенді демалысты сүйетін жандарды біріктіруге бағытталған.
Фестиваль аясында 9 спорт түрі бойынша жарыстар ұйымдастырылады:
✔️ Шаңғы жарысы
✔️ Гір спорты
✔️ Армрестлинг
✔️ Белбеу күресі
✔️ Арқан тартыс
✔️ Пималы хоккей
✔️ Қысқы футбол
✔️ Автоспорт
✔️ Мотоспорт
Жарыстарға кез келген адам қатыса алады! Қатысу үшін жеке басын куәландыратын құжат болуы қажет.
Барлық жарыстар санитарлық нормалар мен қауіпсіздік талаптарына сай өткізіледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
«Бұрқасын-2025» – бұл қарқынды бәсекелестік, көтеріңкі көңіл-күй және ұмытылмас эмоциялар!
БАҚ өкілдерін осы маңызды спорттық шараны ақпараттық тұрғыда қолдауға шақырамыз!
📅 Өтетін күні: 23 ақпан 2025 жыл
⏰ Басталуы: 11:00 (тіркеу 09:00-ден бастап)
📍 Өтетін орны: Астана қаласы, «Триатлон саябағы»
📞 Қосымша ақпарат алу үшін:
Аружан – +7 702 674 4493
https://www.instagram.com/p/DGPqaPmNMFA/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA
№3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі

