Жастар мен жасөспірімдер арасында Алматы қаласында, күрестен Қазақстан Республикасының Чемпионаты басталды.

Қазақстанда грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U17 және U20 жас санаттарында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Бұл ауқымды әрі маңызды чемпионатымыз еліміздің 17 облысынан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан үздік жас балуандарды жинады.

Чемпионатқа қатысушылар Қазақстан чемпионы атағы үшін, сондай-ақ биылғы жылға жоспарланған халықаралық турнирлерге, Азия және Әлем чемпионаттарына қатысу мүмкіндігі үшін күреседі.

Чемпионаттың бүгінгі күнінде грек-рим күресінен мектебіміздің спортшысы Тұрлығазы Әлібек 67 кг салмақ дәрежесінде алтыннан алқа тағып, жарыс жолындағы қарсыластарын тізе бүктірді.

Айта кетерлік жайт, мектебіміздің Басшысы Мухамед-Рахим Рустемович Тұрлығазы Әлібекті марапаттап, жеңісімен құттықтады!

Жарайсың, Әлібек! Қазақстан Республикасының чемпионатындағы жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Жаттықтырушы: Алжикеев Адил Ильясович

https://www.instagram.com/p/DGd3yH5NIwe/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA

№3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі